Степногорск қаласы Бестөбе №2 ЖОББ мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қалалық семинар өтті. 7 «Б» сынып. Тақырыбы: С.Сарғасқаев "Тәмпіш қара" повесі.
Мақсаты: Шығарма кейіпкерлерін жан-жақты талдау арқылы сыни ойлауға, тұжырымды көзқарас айта білуге,кітап оқуға баулу. Алған білімдерін,тәрбиесін өмірде қолдана алуға үйрету. Сабақ мақсатына жетті, бағалаушы әріптестер оң баға берді, болашаққа ұсыныстар да болды.
Мұғалім: Маханова Алия Каирбековна.
Қазақ тілі мен әдебиет семинары.
9 “Ә” сынып оқушыларымен өткен ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: “Бұқаралық ақпарат құралдары.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем”
Сабақтың мақсаты: Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану;
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі: Кендебай А.Қ.