"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Бестөбе кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 поселка Бестобе отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мемлекеттік тіл" ереже

Ақмола облысы білім

басқармасының

«Ақмола дарыны» дарынды

балалар мен талантты

жастарды анықтау және қолдау

жөніндегі орталығы»

 КММ басшысы                                                                                     __________Е.Оразов

«   » __________2022жыл

 

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 13-15 жастағы оқушылар арасында мемлекеттік тілді меңгеруге арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты облыстық байқауын өткізу ережесі

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейте түсу, тіл мәдениетін көтеру, тіл саясатының пәрменшілігін арттыру аясында ұлтты қазақ емес 13-15 жастағы оқушылар арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты облыстық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: Өзге ұлт өкілдерінің тіл жайында білімдерін тереңдету. Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын, ой өрісін дамыту. Мемлекеттік тілді қадірлей білуге, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 Байқаудың ұйымдастырушылары: Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» КММ.

Байқаудың әділ қазылар алқасының құрамын «Ақмола дарыны» орталығы құрастырады.

Байқаудың ұйымдастыру уақыты мен орны:

Байқау 2022 жылдың 7 қыркүйек күні, Көкшетау қаласында өткізіледі.

Аудандық/қалалық білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2022 жылдың 31 тамызына дейін келесі электрондық мекенжай бойынша қабылданады: oumc_mo18@mail.ru. Анықтама телефоны: 8(7162) 40-25-50: 87014705000

Байқауды өткізу шарты және тәртібі:

Облыс көлемінде өткізгелі отырған байқауға ұлты  қазақ емес 13-15 жастағы оқушылар қатыса алады (Ескерту: қатысушының ата-анасы ұлты қазақ болмасын)

Әр ауданнан/қаладан қатысатын бала саны – 1. Қатысушылардың тел. номері (Whats App) міндетті түрде көрсетілсін.

Байқаудың кезендері:

1 кезең: «Кел танысайық!». (Оқушылардың өзін-өзі таныстыру рәсімі (музыкалық сүйемелдеу, театрландырылған көрініс, 3 адамнан артық болмауы шарт, регламент 2 мин.)

2 кезең: «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі - сөз». (Берілген мәтіннің мазмұның айту. Сөйлеу мәнері мен ойды ұшқыр жеткізу қабілеттерін көрсету).

3 кезең: «Сұрақ - жауап» (Ғ.Мүсіреповтың өмірбаяны мен шығармашылығына шолу).

          4 кезең: «Сөз мәйегі» кез келген поэзиядан немесе прозадан үзінді жатқа оқу (регламент 2 мин).

Байқауды қорытындылау және қатысушыларды марапаттау:

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен, жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Байқаудың барлық қатысушыларына қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

 Жарысты қаржыландыру:

 Байқауға қатысушылардың іс-шара өткізілетін жерге келетін және кері қайтатын жол ақысы және жолдағы тамақтануы жіберуші  жақтың тарапынан төленеді.

Байқауды өткізу кезіндегі қатысушылардың тамақтануы (түскі ас) облыстық бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.

 

Келісілді

Ақмола облысы

білім басқармасы

басшысының орынбасары                                                                       ____________ В.Гамазов

«  » _________2022 жыл

 

 

 

1-қосымша

 

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 14 жастағы оқушылар арасында мемлекеттік тілді меңгеруге арналған «Мемлекеттік тіл - менің тілім»  облыстық байқауына қатысуға арналған өтінім үлгісі

Қатысушының аты-жөні

Туған жылы, айы,күні

Қала/аудан,мекеме атауы, мектебі, сыныбы, оқытылу тілі

Дайындаған жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны (Whats App)

Қатысушының қысқаша шығармашылық өмірбаяны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 25.07.2022 19:10
Құрылған күні: 25.07.2022 19:55

Текст