Текст
Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым терен жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан - дүниемізді шуаққа бөлейді, ой ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірмнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жылында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.
Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болсын.
Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!