"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорскқаласы бойынша білім бөлімі Бестөбе кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі"КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Вайсова Майра Барлыбаевна.
Тақырыбы: Заманауи мектептегі үй жұмысы.
4 сыныпта математика сабағында үй тапсырмасы қандай болуы мүмкін.
Мұғалім үй тапсырмасын бермес бұрын сыныпта берген тапсырманы дұрыс жеткізіп оқушыға қызықты тапсырмаларды ұсыну керек, оқушы сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы мол бүгүнгі берілген тапсырманы ұғып, түсүніп алса сонда ғана үй тапсырмасын орындай алады.Мектептегі оқу материалдарының көптігі соншалықты, олардың негізгілерінің өзін оқушылардың сабақ үстінде игеруі мүмкүн болмай қалады. Сондықтан,мұғалім сыныпта өткен тапсырманы өткен соң, оқушыға өз бетінше оқып келсін деп үйге тапсырма ретінде беруге мәжбүр болады. Алайда қазіргі заман талабына сай әр оқушы өзі ізденіс жасау керек. Оқушы түсүнгенмен, оқу материалын түсүнү қиын немесе мүлде түсүнбейді тақырыпты. Ендігі жерде оқушы үй тапсырмасын «жылы жауып» қоя салатын болып алды. Соның салдарынан оқушының оқуға деген ынтасы да жойылып бастады. Қазіргі кезде Білім және ғылым министрлігі оқушыларға түсетін жүктемені жеңілдету мақсатымен үй тапсырмасы реттеуді қолға алып отырғаны өте бір құптарлық іс болып саналады. Математика сабағы өте күрделі және қызық сабақ. Оқушыларға сауалнама жүргіссең Қай пән ұнайды? деген сұраққа көп оқушылар математика деп жауап береді. Үй тапсырманы бермеуге мүмкүн емес. Үй тапсырмасын берсең оқушы өзі талпынады,ойланады, әр түрлі тәсілдерді қолдануға тырысады. Мұғалім оқушыға бағыт бағдар беру керек. Өз бетінше іздену үстінде болады. Себебі,мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың құрамды бөлігі ретінде үйге берілетін тапсырмалар көптеген дидактикалық мақсаттарды жүзеге асырумен бірге оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге үйретудің, дамытудың, жасампаздық, іздемпаздық қабілеттерін жетілдірудің де құралы.
Қорыта айтарымыз, мектептегі білім сапасын көтеру үшін жаңа талабына сай әр оқушы ізденіс жасау керек, көзі ашық,көкірегі ояу, орта білім алуға қажетті және жеткілікті оқу мазмұнын, берілген тақырыпты дұрыс түсүндіріп, таңдап алуымызға тікелей байланысты екендігін ескеру керек.