"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Бестөбе кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 поселка Бестобе отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заманауи мектептегі 3 сыныпта үй тапсырмасы болуы мүмкін»

28.01.2022

     «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Бестөбе кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

    «Заманауи мектептегі 3 сыныпта үй тапсырмасы болуы мүмкін»

Үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі. Сабақта бекітілген білім көлеміне тура тәуелділіктегі үй тапсырмасының  педагогикалық мақсаттағы көлемі оқу бағдарламасымен көзделген. Үй тапсырмасы түсінікті, жаңалық элементі бар және дербестігін көрсетуге мүмкіндік ашатындай болуы керек. Тапсырма тақтада қысқаша белгіленіп, оқушының күнделігіне жазылады, мұғалімнің түсіндіруімен бірге ілеседі. Мұғалім сонымен бірге үй тапсырмасын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар береді орындалуын үнемі тексереді. Үй тапсырмасын берудің әдісі: -Үй тапсырмасы түсінікті, шығармашылықпен байланысты болғаны дұрыс. -Үй тапсырмасын сабақтың кез-келген кезеңінде беруге болады. Ескерту: -Үй тапсырмасын қоңырауға 1-2 минут қалғанда немесе қоңыраудан кейін беруге болмайды. -Үй тапсырмасы тақтада жазылып,түсіндірілуі керек. -Оқушылардың соған байланысты сұрақтарын тыңдап, қысқаша талдау жасалу керек. Үй тапсырмасының күнделікке жазылғандығын бақылау мұғалімнің міндеті.Математикадан берілетін үй тапсырмаларын мынадай үш түрге бөлуге болады: ауызша, жазбаша және практикалық  сипаттағы жұмыстар.

            

Бастауыш сынып мұғалімі: Сулейменова Айтолкын Жилкибаевна

Просмотров: 261


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст