Сыныптан тыс шара. Тақырыбы: Химия әлеміне саяхат.
Сынып: 8-9 сыныптар арасында.
Тыс шараның түрі: ойын
Тыс шараның әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, «Атомдар және молекулалар» ойыны, «Ой қозғау» тәсілі, «Оксидтер» сергіту жаттығуы, «Химиялық мозаика» ойыны т.б.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, А4 қағаздар, маркерлер, Химия туралы суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Тапсырмалармен жұмыс;
3. Қорытындылау, марапаттау.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру үшін
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, білімді оқушылар! Бүгінгі «Химия әлеміне саяхат» сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайыстың мақсаты - химия пәніне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту. Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, экологиялық мәдениетке және табиғатқа сақтаушылықпен қарауға тәрбиелеу.
Біздің қатысушыларымызға сәттілік тілеймін!
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияны оқыңдар әр бөлімін.
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз - химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
Жүрмейсің мұны білсең қате басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап массаға сай қатарласып.
Кестеден түрлі - түстер көрінеді,
Бәрі де деңгейге сай өріледі,
Заң ортақ, период ортақ, топта ұқсас,
Заңдылық зарядтармен бөлінеді.
1. «Атом және молекула» ойыны
«Оксидтер» мен «Қышқылдар» деп команданың аты қойылады.
Мұғалім: Сайысымыз басталмас бұрын әділ-қазы алқаларына бақылау парақтарын ұсынамыз. Бақылау парақтарында әр турдың аты көрсетілген. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Біздің сайысымыз 3 турдан тұрады.
1 тур: «Ойлан тап». Химия пәні бойынша 12 сұрақ беріледі. Берілген сұрақтарға оқушылар қолдарын көтеріп жауап береді. Жауап дұрыс болмаса кезек екінші командаға беріледі.
2 тур: «Қобдиша» ойыны. Қобдишаның ішінде есептер және суреттік тапсырмалар бар. Тапсырманы орындап әділ-қазыларға береді.
3 тур: Химиялық мозаика. Конверт ішінде химялық элементтер бар. Оқушылар содан 4 реакция құрастыру керек.
4 тур: «Оксидтер» ойыны. Оқушылар орындарынан тұрып ортаға жиналады. Музыка қосылады. Оқушылар әнге би билейді. Музыка тоқтаған кезде оқушылар «оксидтер» құрып тұра қалу керек.
5 тур: «Сен – маған, мен- саған» ойыны. Екі топтың оқушылары бір-біріне 3 сұрақ қояды. Оқушылар қойылған сұрақтарына жауап береді.
6 тур: Ой қозғау. Оқушыларға суреттер беріледі. Сол суреттерден оқушылар химиялық элементтердің аттарын жазып оқып береді.
7 тур: Кім тапқыр? Қышқылдар тақырыбы бойынша оқушыларға тапсырмалар ұсынылады. Тапсырмаларды орындайсыңдар.
Сайыстың соңы: Әділқазыларға сөз беріледі. Әділқазылар жеңімпаз топты анықтайды.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Келгендеріңізге, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет! Сау болыңыздар!!!
Бағалау парағы
|
|
Оксидтер |
Қышқылдар |
1.Ойлан, тап |
Химия тарихы |
\\\\\\\\\\\\\\\\ |
\\\\\\\\\\\\\\\\\\ |
|
1 сұрақ |
|
|
|
2 сұрақ |
|
|
|
3 сұрақ |
|
|
|
4 сұрақ |
|
|
|
Химия элементтері |
\\\\\\\\\\\\\\\\ |
\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\ |
|
1 сұрақ |
|
|
|
2 сұрақ |
|
|
|
3 сұрақ |
|
|
|
4 сұрақ |
|
|
|
Химиялық реакциялар |
\\\\\\\\\\\\\\\ |
\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\ |
|
1 сұрақ |
|
|
|
2 сұрақ |
|
|
|
3 сұрақ |
|
|
|
4 сұрақ |
|
|
1 турдың барлығы балл |
(всего баллов по первому туру) |
|
|
2. Қобдиша |
1 есеп: |
|
|
|
2 есеп: |
|
|
|
|
|
|
3.Химиялық мозаика |
1 реакция |
|
|
2 реакция |
|
|
|
3 реакция |
|
|
|
4 реакция |
|
|
|
|
|
|
|
4. Оксидтер ойыны (1 дұрыс оксид-1 балл) |
1 оксид |
|
|
2 оксид |
|
|
|
3 оксид |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5.Сен-маған, мен –саған А4 |
1 сұрақ |
|
|
2 сұрақ |
|
|
|
3 сұрақ |
|
|
|
6. Ой қозғау.(1 дұрыс жауап – 1 балл) |
|
|
|
7. Кім тапқыр? |
|
|
|
Барлығы балл (Итого баллов ) |
|
|
|