Құрметті отандастар!
Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Арайлы азаттығы азаттығымыздың кепілі - Мемлекеттік рәміздер дүниеге келіп, Елбасының Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды. Бұл күн - ақталған үміт күні болып біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен берік орын алды.
Біздің санамызға тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие мемлекеттік рәміздеріміздің мерейлі мерекесі биыл 30 жылдығы аталып өтуде.
Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімді мақтанышқа толтырады. Осының бәрі - Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!
Рәміздер күні құтты да берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!
Басшы Конырова Райса Жаскайратовна