№2 БОМ бойынша ақпарат,
Қауіпсіз бағыт "Үй – Мектеп – Үй". 2019-2020 оқу жылы.
Мақсаты:
1.Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жол-көлік жағдайларында саналы мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ету.
2.Баланың мектепке және кері жүру қауіпсіздігін арттыру; баланы мектепке/мектептен жол жүру жолында жол жағдайында бағдарлауға үйрету.
3.Баланы мектепке және мектептен жол жүру жолында жол жағдайында бағдарлауға үйрету.
4.Жол жүру ережелерін сақтау арқылы өз денсаулығына дұрыс көзқарасты қалыптастыру.
5.Жол қозғалысының барлық қатысушыларына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әрбір әзірленген маршрут сыныпта талқыланды, онда оқушы оны түсіндіре білуі тиіс. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл балаларды ықтимал қауіп-қатерден қорғау және сақтауға міндетті ересек адамдардың міндеті. Балаларды әрдайым және барлық жерде жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауға, алған теориялық білімдерін тәжірибеде және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету қажет. Оған жүйелі және мақсатты жұмысты жаппай ұйымдастыру, "жол грамотасын"насихаттаудың әртүрлі нысандары мен әдістерін пайдалану жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Балалардың жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс моделін қалыптастыру бойынша жұмыстың тиімді формаларының бірі білім беру ұйымының орналасу ауданының жоспар-сұлбасын енгізу болып табылады.
6 "а" сынып оқушылары "үй – мектеп – үй"маршрутының сызбасын салды.
Мектеп директоры: А.Назарова