Текст
Наурыздың 18-зі Бестобе №2 орта мектебінде «Қош келдің, Наурыз!»
атты іс-шаралар өтті әр сынып өз Ауылында дастархан жайып , ата-аналар қатысып, қызықты ұлттық ойындар ойнап, салт дәстүр көрсетіп,ән шырқап, би билеп өз өнерлерін тамашалады. 3 «Б» сынып «Жас батыр» ауылы атанды өйткені сыныптың оқушысы Абылай Хамза Наурызға арналған қалалық еркін күрестен 1-ші орынға ие болды. Ата-аналар өз өнерлерін тамашалады. Мектеп директоры Т.Ж.Сыздыков тилек айтып белсенді қатысқан ата-аналарға алғыс хат
берілді. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар» деген екен атам қазақ.