Менің алғашқы ұстазым
Мұғалім ардақты ұмтылмас,
Өзіме бала күнен үні сырлас.
Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,
Арманның асқарына ұмтылған жас.
Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімізде күлімдеп қарсы алған, қолымызды
жетектеп партаға отырғыздырған, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-
біздің сүйікті де ең алғашқы ұстазымыз-Майра Барлыбайқызы. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны біз үшін ерекше және мәңгі жүректе, есте қалады. Өмірде өз анамыздай кейінгі қадірлі тағы бір адам
болса, ол-алғашқы ұстаз.
Қазір біз 6 «Б» сыныбында оқимыз біздің сынып жетекшіміз, екінші сүйікті ұстазымыз- Гүлнәз Орынбайқызы. Ол әрбіреуімізді жақсы біледі. Мұғалімнің ерекшелігі, жауапкершілігі өте мол. Біз оны
ана ретінде білеміз, қадірлейміз. Оның жүріс-тұрысы, шашы, сөйлеу мәдениеті өте сүйкімді, әрі ұстамды адам. Бізге өте адал ұстаз ретінде көрінеді. Ол алтынан да бағалы ойлары, ақыл-кеңесін беруге
әрдайым дайын жан.
6«Б» сынып оқушылары