29.04.2020
Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән конкурсының 5 маусымы
Жуырда, 2020 жылғы 26 наурыз бен 15 мамыр аралығында біздің балалар ән байқауының 5-маусымының қашықтан іріктеу кезеңіне қатысуға өтінім қабылдауды бастаймыз!
Биыл біз өтінімдерді бір ай бойына www.notka.kz сайты арқылы қабылдаймыз! Қазірден бастап-ақ өтінімдерді дайындай бастауға болады!
Бұл үшін не істеу керек?
- Құрметті балалар, сендердің жастарың 8 жас пен 12 жас аралығында болуы керек.
- Өз ата-аналарыңмен және педагогтарыңмен бірге өз әншілік дарындарыңды, әртістік қабілеттеріңді және қайталанбайтын қырларыңды ашатын кез келген тілдегі кез келген 2 (екі) әннен үзіндіні таңдаңдар! Сендердің бейне түсірілімдерің 3 минуттан аспауы тиіс.
- Өз телефондарыңның бейне камерасына өз өнерлеріңді түсіріп, сақтап қойыңдар. Өнер көрсетер алдында өздеріңді таныстыруды, яғни өз аты-жөндеріңді атауды ұмытпаңдар!
- Сендер әнді музыкалық сүйемелдеусіз орындауларың тиіс, яғни үзінділерді a capella түрінде орындап шығуларың қажет. Мүмкіндік болған жағдайда, өнерлеріңді кәсіби камераға да түсіре аласыңдар, бірақ бұл біздің құрметті қазылар алқасының таңдауына ешқалай әсер етпейді!
- 26 наурыздан бастап Сендер www.notka.kz сайтына кіріп, өтінім толтырасыңдар және өз өнерлеріңнің бейне түсірілімі мен туу туралы куәліктеріңнің суретін тіркейсіңдер.
- Сендердің өтінімдерің дұрыс толтырылған болса және оған Сендердің өнер көрсетулерің жазылған бейне түсірілім мен туу туралы куәліктеріңнің суреті сәтті тіркелген жағдайда, Сендерге мынадай хабарлама келеді: «Құрметті достым! Сенің өтінімің сәтті қабылданды!».
- 26 сәуір мен 15 мамыр аралығында біздің кәсіби қазылар алқасы Сендердің өтінімдеріңді мұқият зерттеп, Сендердің өнерлерің жазылған бейне түсірілімдерді қарап, біздің кең байтақ еліміздің 17 өңірінен 17 финалға қатысушы таңдап алады!
- 20 мамырда, тура 10.00 сағатта, www.notka.kz, www.baladauysy.kz сайтында, @baladauysy инстаграмында біз финалға қатысатын 17 баланың тізімін жариялаймыз, олар біздің байқаудың финалына дайындалу үшін «Жұлдызды үйге» шақырылады, ал байқаудың финалы Алматы қаласында 5 маусым мен 10 маусым аралығында және 15 қазан мен 31 қазан аралығында өтеді.
- Құрметті біздің балақайлар! Қашықтан іріктеу кезеңіне өтінім жіберген әрбір бала пошта арқылы ДИПЛОМ мен ЖӘДІГЕРЛІК СЫЙЛЫҚ алады, сондықтан өтінімде өз пошталық мекенжайларыңды дұрыс көрсетулерің керек!
Құрметті балақайлар, сендерге шығармашылық шабыт, сәттілік және мықты денсаулық тілейміз!